2025 жылғы 1–2 шілде аралығында Legit адвокаттық кеңсесі Қазақстан астанасы – Астана қаласында өткен Eurasia Arbitration Week 2025 іс-шарасына қатысты.
EAW25 – Еуразия елдері мен өзге де өңірлерден келген арбитраж және дауларды шешу саласындағы жетекші мамандар бас қосқан маңызды халықаралық алаң болды. Арбитрлер, заңгерлер, мемлекеттік орган өкілдері, корпоративтік заң кеңесшілері және академиялық орта өкілдері Еуразиядағы іскерлік ахуалды дамытуға бағытталған дауларды шешудің заманауи үрдістерін, жаңа сын-қатерлер мен шешімдерді талқылады.
Іс-шара бағдарламасы арбитражды дамытуға, дауларды баламалы шешу тәсілдеріне, сондай-ақ инвесторлардың құқықтарын тиімді әрі тәуелсіз қорғау тетіктерін қалыптастыруға негіз болатын заң үстемдігіне арналған пікірталастар мен тақырыптық панельдерді қамтыды.
Іс-шарада “Legit” адвокаттық кеңсесін адвокаттар Илья Кириченко, Сергей Ватаев және Елена Дворецкая-Юсупова таныстырды.
Сергей Ватаев бұл форумда спикер ретінде де сөз сөйледі.