«Legit» Адвокаттық Кеңсесінің серіктестері Илия Кириченко, Сергей Ватаев мен Елена Дворецкая-Юсупова Түркі Арбитраж қауымдастығына (TAA) мүше болып қабылданды.
2023 жылы құрылған Түркі Арбитраж қауымдастығы (ТАА) түркі елдерінің академиктерін, заңгерлерін және студенттерін біріктіріп, арбитраж саласындағы мамандар мен өңірдің іскер өкілдері арасындағы ынтымақтастық алаңын қалыптастырады. Оның басты мақсаты – арбитражды дамыту және бірыңғай өңірлік арбитраж қауымдастығын құру. Қауымдастықтың мақсаты – түркі елдерінен шыққан білікті заңгерлерді әлемдік арбитраж нарығына шығару.