Адвокаттық кеңсе"Legit"

London International Disputes Week (LIDW) 2025

2025 жылғы 2-6 маусым аралығында Лондон халықаралық құқықтық қауымдастықтың орталығына айналды. Мұнда дау-дамайларды шешу саласындағы жетекші әлемдік форумдардың бірі — London International Disputes Week (LIDW) өтті.

2019 жылдан бері аталған іс-шара халықаралық сот тәжірибесі мен арбитраж саласындағы негізгі үрдістерді талқылауға арналған маңызды алаң ретінде өзін танытып үлгерді. Форум әлемнің түкпір-түкпірінен заңгерлерді, арбитрлерді, сарапшыларды және бизнес өкілдерін біріктіреді.

Биылғы LIDW апталығының тақырыбы: «Дауларды шешудегі инновациялар: жаһандық тәуекелдерді басқару» деп аталды.

«Legit» адвокаттық кеңсесінің серіктесі Сергей Ватаев апта аясындағы бірнеше іс-шараға қатысып, 5 маусым күні «Arbitration Landscape in Turkiye and Central Asia – State-related Disputes» атты сессияда спикер ретінде сөз сөйледі.